Қостанай тұрғыны жоғалып кеткен баласына арнап бейнежазба жариялады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 20 қаңтарда жоғалып кеткен Елдос Дүйсеновті анасы әлі іздеп жатыр. Ол әлеуметтік желілер арқылы баласына бейнежазба жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балам, егер сен мені көріп не естіп отырсаң, хабарласшы. Байланысқа шық. Қандай жағдай болса да, біз сені күтеміз», - делінген анасының бейнежазбасында.

Еске салсақ, 23 жастағы Елдос Дәуренұлы Дүйсенов 20 қаңтарда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімінің полицейлері жас жігітке қатысты қандай да ақпарат білетіндердің 8702-492-99-92, 8 747-655-21-63, 52-68-61 немесе «102» нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар