Қостанай түрмесінде уланғандар оқиғасы: 4 сотталушы арнайы палатаға көшірілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы УК 161/4 жазасын өтеушілер мекемесінде уланып қалған 4 сотталушы арнайы палатаға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әулиекөл аудандық орталық ауруханасында мәлім етілгендей, жазасын өтеушілер мекемесінде уланып қалған 4 сотталушы жансақтау бөлімінен шығарылды.

«Органикалық сұйықтықтан уланып қалған төрт сотталушы арнайы палатаға көшірілді. Олардың жағдайлары бірқалыпты. Сотталушылар дәрігерлер мен тәртіп сақшыларының бақылауында. Ауруханадан қашан шығарылатыны белгісіз. Тиісті ем-дом шараларын алып жатыр», - деп хабарлады Әулиекөл аудандық ауруханасындағылар.

Еске салсақ, 20 наурызда Қостанай облысының Құсмұрын ауылындағы түрмеде бір топ сотталушы спирттік негіздегі химиялық сұйықты ішіп, уланып қалды. Ауыр жағдайдағы олар Әулиекөл ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Төрт адам көз жұмып, тағы төртеуі жансақтау бөлімінде ем-дом қабылдады.
Айта кетейік, қайғылы оқиғаға байланысты іс бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді, Әулиекөл аудандық ІІБ қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram