Қостанай вокзалында ер адам героинмен ұсталды
АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Қостанай стансасында 29 жастағы жұмыссыз қала тұрғынынан салмағы 1,7 грамм болатын «героин» есірткі заты табылды,
деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.
Аталған азаматты Желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 4 маусымда ұстады.
Сот - химиялық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.