Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында күн бұзылады

18 қыркүйекте таңертең және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді.

18 қыркүйекте Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с болуы ықтимал

18 қыркүйек күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді.

Сол күні Петропавл қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.