Қостанай: «Жеңіс - өмір сүріп жатқандар үшін!» ұранымен парад өтті

Салтанатты шараның ресми бөлігі орталық алаңдағы облыстық әкімдіктің қасында басталды. Мұнда «Жеңіс - өмір сүріп жатқандар үшін!» деген ұранмен парад болып өтті.
Содан кейін парадқа қатысушылардың тізбектері Жеңіс саябағына дейін жүрді. Жерлес жауынгерлерге арналған ескерткіштің қасынан әскери және полиция қызметкерлері салтанатты маршпен өтті. Соғысқа қаза тапқандардың құрметіне өлеңдер мен әндер орындалды. Ескерткіштің қасына мыңдаған қостанайлықтар келіп, оларды үнсіздік минутымен еске алды.
Ескерткішке гүл шоқтарын облыс әкімі Н.Сәдуақасов пен Қостанай әкімі Ғ.Нұрмұхамбетов, ардагерлер кеңесінің төрағалары К.Укин мен М. Подоляков қойды.
Салтанатты шараға қатысушылар қостанайлық батырлардың ескерткішін гүлдерге толтырды. Одан кейін саябақ аумағында олардың барлығы тегін ас - сарбаздар ботқасынан дәм татты. Та осы сәтте саябақта үлкен мерекелік концерттік бағдарлама басталды.
Түстен кейін мерекелік шара қостанайлық Сити-орталыққа көшті. Онда қалалықтарды үрмелі оркестрдің қатысуымен би бағдарламасы, концерттік бағдарламалар күтуде. Қостанайдағы Жеңіс күні мерекелік отшашумен аяқталады.