Қостанайда 11-сынып оқушысы асылып қалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 17 жастағы оқушы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда 11-сынып оқушысы асылып қалды

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні болған. Ақпаратты қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлсім Оразбаева растады. Жасөспірім Қостанайдағы №1 мектепте оқыған. Оның айтуынша, оқушы жақсы көретін қызы үшін өмірін қиған.

«Ата-анасы сол күні оның жазып қалдырған хатын көріп, бірден іздеуге кіріскен. Алайда, оқушының асылып тұрған денесі келесі күні құрылыс нысанынан табылған. Ол сабақты жақсы оқыды, үлгілі отбасынан шыққан. Біз осы жағдайға байланысты ата-анасына қайғырып, көңіл айтамыз», - деді Гүлсім Оразбаева.


Иллюстрациялық фото