Қостанайда 11 жасар қызға педофил тап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайда тұрғындар қыз баланы зорламақ болған күдікті әрекетінің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда 11 жасар қызға педофил тап берді

«Қылмыс 2019 жылы 2 қазанында жасалды. Шамамен сағат түскі бір кезінде 102 пультіне Алтынсарин-Назарбаев көшелерінің қиылысында белгісіз жігіттің қыз балаға тап беріп, денесіне жарақат салғаны туралы хабарлама түскен. Бірнеше минут ішінде жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп, соққы көрген 11 жасар қыз баланы тапты. Ол бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», - деп жазды Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Facebook-те.

Оның хабарлауынша, оқиға орнында белгісіз ер адамның баланы ұрып-соғып жатқанын бір әйел көріп қалған. Осыдан кейін ол жан-жағына айқайлап, көмекке шақыра бастаған. Дауысты естіген бірнеше жігіт жүгіріп келіп, күдіктіні полиция қызметкерлерімен бірге ұстап берген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлімі және 24-бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Күдікті Қостанай қаласының токсикоман есебінде тұрған 28 жастағы тұрғыны. Ол қазіргі уақытта уақытша оқшаулағышта отыр.