Қостанайда 20-ға жуық мемлекеттік қызметкердің жалақыларына үстемеақы қосылмаған

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Заң бұзушылықтарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

документы госслужба чиновники  пособия
Фото: gov.kz

Қостанай облысында аудандардың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметкерлерді лауазымға тағайындалғаннан кейін бағалау процедурасын жүргізбей, жалақыларына үстемеақы төлеуден айырды.

Олар қызметкерлердің құқықтары ескерілмеген барлығы 20 жағдайды анықтады. Зардап шеккендердің арасында Денисов ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері де бар. Ол лауазымына сәуір айында кірісті және талап етілетін мерзімде қажетті бағалаудан өте алмады. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтар Амангелді, Әулиекөл, Жангелді және Қарабалық аудандарының жергілікті атқарушы органдарында тіркелді.

— Бағалау мемлекеттік қызметшілердің бонустарына, мансаптық өсуіне әсер етеді. Мемлекеттік қызметшінің белгілі бір лауазымдағы өкілеттік мерзімі бір айдан аз болса немесе қызметкер еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыз, іссапар, тағылымдама, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыруда болса, оны заң бойынша жүзеге асыруға болмайды — деп атап өтті департаментте.

Қазіргі кезде барлық 20 қызметкердің құқығы қалпына келтіріліп, бағалау процесіне енгізілген. Сонымен қатар, оларға екі миллион теңгеден астам үстемақы төлеу қарастырылған.

Осыған дейін Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар