Қостанайда 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы шағын аудандардың бірінен 21 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда 21 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Адам мүрдесінің табылғаны туралы ақпарат ТЖД-ның кезекші-диспетчерлік бөліміне түскен.

«Қостанайдағы Солтүстік-батыс ауданында, «Юбилейный» тұрғын үй кешенінің маңындағы траншеядан (газ құбырын тартуға арналған) 1997 жылы туған ер адамның денесі табылды. Одан зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері табылған жоқ», - делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көз жұмған жігіт газ құбырын тарту бойынша ЖШС-лардың бірінде жалдамалы жұмысшы болып істегендігі анықталды. Ол Затобол ауылында тұрған. Тергеу шаралары жүргізілуде.