Қостанайда 23 үйге уақытша ыстық су берілмейді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында 23 тұрғын үй 15 қыркүйекке дейін ыстық судан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайда 23 үйге уақытша ыстық су берілмейді

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 3-ші қазандықтың екінші өткізгішін реконструкциялау жұмысы жүріп жатыр.

Жұмысты «Интерстиль» мердігер ұйымы атқарып келеді.

27 шілдеден бастап 15 қыркүйекке дейін мына мекенжайларға ыстық су беру тоқтатылады:

5-ші шағынаудан: 1, 3, 5, 7, 7А, 7Б, 8, 9, 10, 10А, 10Б, 11, 12, 12А, 13, 14, 16, 17, 18, 20, 21, 21А; Арыстанбеков көшесі, 3/10.

Барлығы - 23 тұрғын үй.

Жылу компаниясы уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.