19:44, 20 Қазан 2017 | GMT +5
Қостанайда 3 жігіт көлік ұрлап, ұсталып қалды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда автокөлік ұрлаған үш жүгіт жазаға тартылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 20 қазан күні таңғы 6:00 шамасында болған. Майлин және Дощанов көшелерінің қиылысында 19 жастағы жүргізуші көлікке ие бола алмай, ағашқа соғылған. Көлікте үш адамның болғаны анықталды.
«Жол-көлік оқиғасынан соң жарақаттанғандар жоқ. 18-19 жастағы үш жігіт «BMW» көлігін ұрлап кетпек болған. Автокөлік иесі оны жуу үшін қалдырып кеткен. Көлік жуу бекетінде жұмыс істейтін үшеуі арам пиғылдарын жүзеге асырғысы келді», - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Бұзақылар жәбірленушіге материалдық залал келтірген үшін айыпталуда. ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 610 -бабы бойынша сараптама жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.