Қостанайда 37 адам қар құрсауынан шығарылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында тәулік ішінде қар құрсауында қалып қойған 37 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Арқалық-Торғай тасжолында, Аңғар ауылының маңында 2 автокөлік тұрып қалған. Көліктердің ішінде 12 адам болды. Олардың екеуі - балалар. Құтқарушылар «Арқалық-Жезқазған» жолында 3 адамды қауіпсіз жерге жеткізді», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Таран ауданының Елизаветинка ауылында қалың қарға батып қалған 4 автокөлік ТЖД қызметкерлерін көмекке шақырды. Көліктердің салонындағы 9 адамға жәрдем көрсетілді.
Бұдан бөлек, Науырзым ауданында 3 автокөлік қар құрсауынан шығарылды. Оқиға «Қарамеңді-Өлеңді» тасжолының 12-ші шақырымында болған. Барлығы 9 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар оларды Қарамеңді ауылына жеткізді.