Қостанайда 5 көлік бір-бірін соқты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай орталығында 5 көлік бір-бірін соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Қостанайда 5 көлік бір-бірін соқты

Жол-көлік оқиғасы Абай-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Chevrolet жүргізушісі көлік тізгіне ие бола алмай қалып,  BMW көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан қос көлік қарсы бағытта келе жатқан көліктерге соғылған. Барлығы 5 көлікке зақым келген.

Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. 
null null