17:20, 20 Мамыр 2019 | GMT +5
Қостанайда 5 жасар бала терезеден құлап кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 5 жасар бала ғимараттың 5-қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратты. Оқиға 17 мамыр күні сағат 22.30 шамасында Қостанай қаласында болды.
«Көп қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан 5 жасар бала құлап кетті. Ол бірден балалар ауруханасына жеткізілді. Баланың іші мен астыңғы ерні жарақаттанған», - делінген төтенше жағдай департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы орташа, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды.