Қостанайда 6 жасар бала суға батып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда 6 жасар бала суға батып кетті

Ақпаратты облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінде растады. Оқиға 1 шілде күні Қарасу ауданының Люблинка ауылында болған.

«Жергілікті тұрғындар 2012 жылы туған баланың денесін судан алып шықты. Ол белгісіз жағдайда, шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен», - делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салайық, 27 маусым күні Қостанай ауданында Тобыл өзенінің жағасынан ер адамның мәйіті табылған болатын. Ал 25 маусымда 10 жасар тағы бір бала суға батып кетті. Оның денесі келесі күні Таран ауданының Апанов ауылындағы қазаншұңқырдан табылды.