12:36, 10 Наурыз 2016 | GMT +5
Қостанайда 6 жастағы баланы басып кеткен жүргізуші тұтқындалды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының №2 соты 28 жастағы қостанайлықты 2 ай мерзімге тұтқындау туралы қолдаухатты қанағаттандырды.

Оған ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі (көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.
Іс материалдары бойынша күдікті «4 наурызда көлікпен Маяковский көшесі бойынша келе жатып жол жүру қағидасын өресекел бұзып, реттелмеген жүргінші жолының қиылысында 6 жасар бала мен оның анасын қағып кетеді. Апат салдарынан ауыр жарақат алған ер бала ауруханаға жеткізген кезде жан тапсырды».