Қостанайда 64 жастағы зейнеткердің өліміне қатысты үш күдікті қамауға алынды

Зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің денесі Пригородная көшесіндегі үйдің бірінен шыққан өрттен кейін табылған. Қайтыс болған адам сол үйдің иесі болған.
«Полиция қызметкерлері оқиға тіркелгеннен кейін бірден іздеу жұмыстарын бастады. Жедел іздестіру шаралары барысында 34, 40 және 43 жастағы үш күдікті ұсталды. Олардың бірі әйел. Үшеуі де бұрын тонау мен ұрлық үшін сотты болғандар», - деп хабарлайды Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметі.
Құзырлы органның хабарлауынша, тергеу барысында пиғылы жаман үш күдіктінің ішімдік ішіп, бөтенді тонауға келіскені анықталған. Ойланбастан үшеуі жақын маңдағы үйге тонау мақсатында кіріп кетсе керек. Ең өкініштісі, есікті үйдің иесі ашқан. Кісі өлімінен кейін үшеуі үйден теледидар мен екі ұялы телефонды қолды еткен.
Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.