13:06, 26 Қараша 2015 | GMT +5
Қостанайда 84 жастағы қария мұзға тайып жығылып, қаза тапты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - 84 жастағы қостанайлық қария азық-түлік дүкені маңында мұзға тайып құлап, қаза тапты. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.

Оқиға облыс орталығының 9-шы шағын ауданында «Азия» дүкенінің жанында болған. Ардагер азық-түлік алмақшы болып шыққан, алайда көктайғақ оның ауыр жарақат алып, қаза табуына себепкер болды.
Полиция сот алды тергеу жүргізуде.
Қостанайда көктайғақ салдарынан соңғы күндері 500-ден астам адам зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінген. Өлімге әкелген жағдай әзірге бір рет қана тіркелді.