Қостанайда 9-қабаттан құлаған қызға қатысты жаңа дерек шықты

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Көпқабатты үйден секіріп кеткен 15 жасар қыз суицидке барған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда 9-қабаттан құлаған қызға қатысты жаңа дерек шықты

«Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде 15  жасар қыз 9-қабаттан секіріп өз-өзіне қол жұмсады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабы (Өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - деді ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салсақ, кеше қалалық аурухана қызметкерлері 25 жастағы қыздың көпқабатты үйден құлап кеткенін хабарлаған. Кейін құлаған қыз жасы 25-те емес, 15-те екені белгілі болды. Ол бірден ауруханаға жеткізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.