Қостанайда ағаш қора өртенді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда КСК шағын ауданындағы тұрғын үй ауласынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Белгілі болғандай, Введенская көшесіндегі 37/1 үй маңындағы ағаш қорасы өртеніп кеткен.
«Мектептен шыққан кезде жеке сектордың өртеніп жатқанын көрдік. Бірден мұғалімдерге хабарладық. Үй айналасында балалардың жүргенін көрдім», - деп хабарлады оқиға куәгері Даша Борецкая.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай туралы ақпарат сағат 18:49-да түскен.
«Қора ішінде ескі заттар мен үш газ баллоны болған. Өрт сөндірушілер оларды оқшаулап үлгерді. Өрт аумағы 16 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Оқиға орнына №2 өрт бөлімінің 2 арнайы техникасы мен жеке құрамның 11 қызметкері жұмылдырылды. Өрт сағат 19:23-те сөндірілді.