Қостанайда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері талқыланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында ҚР Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық филармонияда өткен жиынға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров, ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Бейсенғалиев және елдің басқа облыстарынан өкілдер қатысты.

Күн тәртібінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы барысындағы кем-кетігі мен артықшылығы талқыланды.

Сапархан Омаров атап өткендей, «Агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының Мәжіліске ұсынылғанына бір жыл болды.

«Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі салалары технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Бүгінде ауыл шаруашылығында АӨК реттеу туралы бір ғана заң бар. Былтыр ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісіне аталған заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады. Жұмысшы топтар құрылып, заң барынша сараланды. Барлығы 600 өзгеріс депутаттардың қарауына берілді», - деді Сапархан Омаров.

Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Мұрат Теміржановтің сөзінше, заңнамадағы өзгерістерді іске асыру үшін республикалық бюджеттен 11,8 млрд теңге қажет.

АӨК реттеу туралы заңдағы соңғы өзгерістер, бірінші кезекте, заманауи технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды, сондай-ақ мал шаруашылығында тұқымдық қайта түрлендіруге бағыттауды қарастырады. Сонымен қатар, АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, инвестициялық субсидиялау көлемін ұлғайту, айналымдық және инвестициялық мақсаттар үшін банк несиелерінің қолжетімділігін кеңейту және арзандату бағыттары бар.

Соңғы жаңалықтар