Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - 29 қаңтарда Қостанайда Л.Н.Толстой атындағы кітапханада қазақ руханиятының көсемі, әдебиетші, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Коммуникациялық қызмет орталығы хабарлады.

Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді

Шараға «Отан» тарихы кафедрасының аға оқытушылары Ақмарал Ералина, Бауыржан Нұрсейітов, танымал жазушы Ғалихан Мәулетов, ахметтанушы Ибрагим Ағытаев және басқалар қатысады.

Кеш барысында А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм көрсетіледі. Және кітапхана фойесінде А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылады.

Шараға жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары шақырылып отыр.