Қостанайда АҚТҚ індетімен ауыратын адамдарды кемсіту жағдайы тексерілді

ҚОСТАНАЙ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда АҚТҚ індетімен ауыратын адамдарды кемсіту пробемалары жағдайы тексерілді.

Қостанайда АҚТҚ індетімен ауыратын адамдарды кемсіту жағдайы тексерілді

Зерттеу еліміздің барлық облыстары бойынша жүргізілді. Бұл Алматы, Шымкент, Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Талдықорған, Өскемен және Тараз қалаларында іске асып жатқан ілкі жоба. Республикалық ЖҚТБ індетімен күрес және оның алдын алу орталығы тексеру жұмыстары осы проблемаларға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі деген ойда.

АҚТҚ індетімен ауыратын адамдардың шеттетілуі жайлы қазақстандық тексеру шаралары ЖҚТБ індетімен әлемдік күрес күніне арналып өткізілді. Аталмыш шара республикалық ЖҚТБ індетімен күрес және оның алдын алу орталығында болды.