Қостанайда Алматының Мәдениет күндері басталды

ҚОСТАНАЙ. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласында оңтүстік астананың қазақстан аймақтарындағы Мәдениет күндері аясындағы шаралар басталды.
None
None

Олар алматылық фотографтардың көркемдік суреттер көрмесінен басталды.

«Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі» экспозициясын Қостанай облысы әкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов пен Алматы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов ашты.

Танымал шеберлер мен халықаралық байқаулардың лауреаттары көрмеде өздерінің бірнеше ондаған жұмыстарын көрсетті. Авторлар арасында - В. Лиханов, Ю. Айбасов, А. Мұхамеджанов, А. Хайдаров, О. Ионов, С. Құсайынов және басқалар бар.

Мәдени бағдарламаны өткізу үшін Қостанайға Алматыдан 70 делегат келді. Олардың көп бөлігін арнайы гала-концерт пен көшедегі би кешіне қатысатын әртістер құрайды. Бұл шаралар ертеңге жоспарланған.

Қостанай қаласынан кейін алматылықтар осындай бағдарламамен Петропавлға аттанады.

Соңғы жаңалықтар