14:27, 03 Мамыр 2017 | GMT +5
Қостанайда ардагерлерге мереке қарсаңында 150 мың теңгеден беріледі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда ҰОС ардагерлеріне берілетін ақшалай қаржының көлемі бекітілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қостанай қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Любовь Швыдконың айтуынша, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне жергілікті бюджеттен 150 мың теңге беріледі. Ал, олардың жесірлері, Ленинград тұрғындары, тыл еңбеккерлері, концлагерь тұтқындары, Кеңес дәуірінде жауынгерлік әрекеттерге қатысқан адамдар, Семей және Чернобыльдағы радиациялық әрекеттен зардап шеккендер 5 АЕК көлемінде (11 мың 345 теңге) қаржы алатын болады.