Қостанайда аттракционнан құлап, жарақат алған қыздың ісі ымырамен шешілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда саябақ аттракционында ойнаймын деп жарақат алған 9 жасар қыздың ата-анасы саябақ басшылығымен ымыраға келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда аттракционнан құлап, жарақат алған қыздың ісі ымырамен шешілді

Мұны парктің атқарушы директоры Амангелді Досжанов растады.

Оның айтуынша, саябақ басшылығы қыздың ата-анасымен кездескен. 9 жасар Виолетта Корженьнің анасы Елена Кадынцева саябақ әкімшілігін кінәламайтынын білдірген.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын ата-анасымен бірге қалалық саябаққа қыдырып барған Виолетта аттракционда ойнаймын деп бұғана сүйегін сындырып алған болатын.