Қостанайда ауа райы күрт өзгерді: көктайғақ түсіп, қарлы боран соғады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қостанай облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде алдағы екі күнде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, кей аумақтарда қарлы боран түседі.
Ауа райының күрт құбылуына байланысты полицейлер көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға шақырады. Себебі, облыс орталығында биылдың өзінде жолаушылардың қатысуымен 81 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 5 адам көз жұмды, 81 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Жүргізушілерге аула арасында көлік жылдамдығын 20 км/сағ асырмауды ескертеміз. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер қоғамдық көліктерге мініп, түскенде абай болғаны жөн. Күннің қысқаруы нәтижесінде көру мүмкіндігі екі есеге азаяды», - деп ескертеді полиция қызметкерлері.