Қостанайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанайда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

26 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетуі ықтимал.
Ертең Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.