Қостанайда автобус 80 жастағы қартты қағып өлтірді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласында қоғамдық көлік 80 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайда автобус 80 жастағы қартты қағып өлтірді

Оқиға 28 желтоқсанда сағат 13:30 шамасында Қостанай қаласының «Юбилейный» шағынауданында болған.

«Дизель зауытына қарай бағыт алған 56 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі 80 жастағы әйелді қағып кетті. Жаяу жүргінші жүруге рұқсат етілмеген аймақты кесіп өтпек болған. Ауыр дене жарақаты салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза болды», - делінген полицияның ресми хабарламасында.

Қазір осы дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус жүргізушісі қан тапсырып, тексеруден өтеді.