Қостанайда автотұрақтағы көліктерді шарбақпен бірге сырлап тастаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайлықтардың автотұрақта қойылған көліктерін олардың рұқсатынсыз сырлап тастаған, деп  хабарлады Alau.kz.
None
None

«6 мамыр күні таңертең тұрақтағы көліктерімізге шығып, оларға ұсақ ақ дақтар жұғып қалғанын байқадық. Көліктеріміз шарбақтың жанында тұрған. Анықталғандай, оны таңғы 6-да бүріккішпен немесе бронсбойтпен сырлаған.   Жел қатты болғандықтан, бояу көлікке шашыраған!», - дейді зардап шеккен Ольга Верменичева.

Көлік иелері сырды кетіру үшін көлік жуатын жерлерге барған, бірақ нәтиже болмаған. Кейін кузов жұмыстары бойынша маманға жүгінген. Олар машинаның сыртын ысып, жылтыратуға кеңес берген, ол да көмектеспеді.
00 

Сондай-ақ Ольганың айтуынша, автокөліктер техникалық қызмет көрсету стансысының аумағындағы арнайы бекітілмеген тұрақта тұрған. ТҚС иесімен жасалған келісім бойынша олар көліктерін сонда қалдырады.

Зардап шеккендер учаскелік полицейге жүгініп, факті бойынша арыз жазды.

Соңғы жаңалықтар