03:00, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
Қостанайда әйел мен ер адамның арасындағы жанжал қайғылы аяқталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жітіқара қаласында ер адам құрбысын өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ер адам бірге тұратын келіншекті өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсаған. Аталған жұптың арасындағы бұрын да жанжал шыққан. Өткен жылдың қараша айында келіншек екеуара дау-дамайдан соң терезеден секіріп кетпек болған. Алайда, ол көпқабатты үйдің балконына ілініп қалған. Кейін тәртіп сақшылары келіп, көмек көрсетті. Дегенмен, бұл жолғы ұрыс-керістің соңы қайғылы аяқталды.
«2018 жылғы 19 желтоқсанда Жітіқара қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен ер адам мен әйелдің өлі денелері табылды. Өлімнің нақты себеп-салдарын анықтау үшін ҚР ҚК 99 және 105-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.