Қостанайда әйел өтірік мәліметтерді жеткізгені үшін 100 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтейді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдарына өтірік мәліметтерді жазып жеткізген Қостанай тұрғынына сот алдында жауап беруге тура келді. Көрінеу жалған өтініштің авторы жәбірленушінің пайдасына моральдық шығынды өтеу үшін 100 мың теңге төледі. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап өткенде, «азаматша Т. құқық қорғау органдарына азаматша М-ды кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны, екі азаматтығы бар бола тұрып пайда тапқаны үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тарту өтінішімен шағымданды. Бұдан басқа, әйел «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РМБ-на да кәсіпкерлік қызметті тексеру өтінішін жазған. Сол арқылы ол азаматша М-ге қиындық туғызады. Соның салдарынан соңғысына Қостанай қаласынан шықпай, талай рет түсініктемелер беруге, қорғаушы жалдауға тура келді, сонымен қатар оның талай рет прокуратураға шақырылғаны хабарланады.
Жәбірленуші абыройы мен намысын қорғау өтінішімен Қостанай қалалық сотына шағымданды. Өтініште ол жауап берушіні өзінен кешірім сұрап, өзіне келтірілген моральдық және материалдық зиянды өтеуін талап етті.
Сот қарауының қорытындылары бойынша, сот жауап берушіні 100 мың теңге көлеміндегі соманы төлетті. Талап арыздың қалған бөлігін орындалмады.