Қостанайда баласын құдыққа тастаған әйел іздестірілуде

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облыстық ІІД Федоров ауданында құдықтан табылған нәрестеге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда баласын құдыққа тастаған әйел іздестірілуде

Қостанайлық полицейлер жаңа туған сәбиін құдыққа тастаған ананы іздестіріп жатыр.

«2 сәуір күні сағат 19:15-те Федоров ауданы Кеңарал ауылының тұрғыны құдықтан шақалақтың денесін көрген. Бұл факт ҚР ҚК 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енді. Сараптамалар тағайындалды», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженерь.

Еске салсақ, бүгін аталған фактіні ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК 2031 шекара бөлімі командирінің орынбасары Рахмедин Уәжитов растаған болатын.