Қостанайда балкон өртеніп, тұрғын үйдегі 32 адам эвакуацияланды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында Абай көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде балкон өртеніп, пәтерлердің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда балкон өртеніп, тұрғын үйдегі 32 адам эвакуацияланды

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт бүгін сағат 08:15 шамасында шыққан.

«Пәтерлердің біріндегі балконнан өрт шықты. 32 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында бала болмады. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 31 қызметкері мен 8 арнайы техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 09:13-те өрт толығымен сөндірілді. Қазір мамандар оның неден шыққанын анықтап жатыр.