14:37, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қостанайда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 1-8-і күндері Қостанайда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оған ұлттық құраманың барлық үздіктері қатысады. Биыл ел чемпионаты жаңа ереже бойынша өтеді. Онда спортшылар үш минуттан 3 раундтық жекпе-жеке өткізеді. Сондай-ақ қарсыласынан 20 ұпай артық жинаған боксшы бұрынғыдай жарысты мерзімінен бұрын өз пайдасына шеше алмайды», - дейді бас бапкері Дамир Буданбеков. Оның айтуынша, Қазақстан чемпионатында үздік шыққандар маусым айында Қытайда өтетін Азия чемпионатына және тамыздың аяғында Италияда болатын Әлем чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алады. Жалпы жыл сайын әр қалада өтіп келе жатқан дәстүрлі бұл байрақты бәсеке былтыр Таразда ұйымдастырылған болатын.