Қостанайда бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16-21 шілде аралығында Қостанайда бокстан Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайда бокстан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, жарысқа Қазақстан жастар құрамасына бөлек алыс-жақын шетелдерден де былғары қолғап шеберлері келіп, бақ сынамақ.

Турнирдің ашылу салтанаты 16 шілде күні сағат 15:00-ге жоспарланған. Дәстүрлі турнир Қостанайда 20-шы рет өткізілгелі отыр.

Айта кетейік, аталған жастар арасындағы турнирге кезінде Геннадий Головкин, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев және Иван Дычколар қатысқан.