Қостанайда бұрынғы судьялар пара алғандары үшін жазаға кесілді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда қалалық сот төрағасы Самалбек Мұхтаров пен сол соттың судьясы Серік Қашқынбаевқа қатысты сот шешімі шығарылды.
Олардың әрқайсысына пара алғаны үшін айыпталды, тек Қашқынбаев бір дерек бойынша ақталды. Нәтижесінде ол 5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Жазасын өтеп болған соң ол 3 жыл бойы сот жүйесінде жұмыс істеу құқығынан айырылады.
Ал Самалбек Мұхтаровқа одан қатаңырақ жаза белгіленді - бұл азамат 7 жылын жалпы режимдегі колонияда өткізбек. Сондай-ақ ол осыған дейін қол жеткізген мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Судьяның шешімі жарияланғаннан кейін, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген қос айыпталушы сот залында бірден қамауға алынды.