Қостанайда Денсаулық фестивалі басталды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 12-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайда бүгін бүкіл Қазақстанның аумағында басталатын Денсаулық фестивалінің ашылу салтанаты өтуде.
Қостанайдағы фестиваль қалалық Жеңіс саябағының аумағында өтеді. Іс-шара «Әрқашан шымыр, сымбатты және салауатты» бол деген ұранмен өтеді. Саябақ алаңына скейтбордтарда, роликтерде, велосипедтерде және өздігінен сырғанау құраларында өнер көрсететін спортшы-экстремалдар жиналды.
Спорттық іс-шаралар кезінде жас әртістер өнер көрсететін болады.