Қостанайда Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы денсаулық нысандарын аралап, кеңес өткізді

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Facebook парақшасында хабарланған.
Министр «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында салынған облыстық аурухана корпусымен танысты, қалалық перзентханада, Қан орталығында, онкологиялық диспансерде болды.
Медициналық мекемелердің ұжымдарымен болған кездесуде халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің біліктіліктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Министр сондай-ақ медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді. Онда «Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауымен жүктелген міндеттерді іске асыру аясындағы Қазақстанда онкологиялық көмекті дамытудың салалық бағдарламасы таныстырылды. Кеңеске қатысушылар сондай-ақ Жоспарлау және денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техникалық сатып алудың тұжырымдамасын талқылады.
Министр С.Қайырбекованың Қостанай облысына жұмыс сапары осы кеңеспен қорытындыланды.
Қосымша ақпаратты www.pm.kz сайтынан қараңыз.