16:03, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қостанайда доңыз тұмауы туралы спектакль қойылды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облыстық драма және қуыршақ театрында бүгін «Сау-сәлемат болыңыз» деп аталатын спектакльдің премьерасы болды.
Қойылымның басты тақырыбы доңыз тұмауының алдын алуға арналған.
Спектакль шытырман оқиға түрінде қойылып, оның кейіпкерлері залым А/Н1N1Гриппиуспен және сиқыршы Эпидемия ханыммен кездеседі. Қойылымның режиссері Александр Лиопаның айтуынша, мәселенің өзектілігі айқын, себебі доңыз тұмауы тақырыбы телеэкрандар мен газет беттерінен түспейді. Қостанай театрының сахнасында бұл тақырып музыкалық ертегі ретінде көрсетіліп отыр, қойылым авторларының айтуынша, бұл жанр балалардың осынау маңызды ақпаратты оңай қабылдауына көмектеседі.
«Сау-сәлемат болыңыз» спектаклі Салауатты өмір салты орталығы Қостанай филиалының қатысуымен қойылып отыр.