Қостанайда екі көп қабатты үй қоршауға алынды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында көп қабатты үй карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 22 сәуірі сағат 20:00-ден бастап Қостанайдағы екі көп қабатты тұрғын үй 14 күнге карантинге жабылды. Бұған үй тұрғындарының бірінде COVID-19 оң нәтижелердің анықталуы себеп болды. Кіреберіс есіктерде турникет жүйесі орнатылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кезекшілігі қарастырылды. Тұрғындарға азық-түлік жеткізу қызметтерін пайдалануға, сондай-ақ туыстары тарапынан қажетті заттарды алуға рұқсат етіледі. Есік алдында қоқыс контейнерлері орнатылған», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Нариманов көшесіндегі 71-үйде 71 пәтер, Л.Беда көшесіндегі 44-үйдегі 45 пәтер карантинге жабылды. Карантиндік іс-шараларды бақылау үшін 72 полицей екі ауысымда жұмыс істейді.