19:17, 10 Сәуір 2019 | GMT +6
Қостанайда екі қызды көлік қағып кетті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жеңіл автокөлік екі қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Оқиға бүгін сағат 15:30 шамасында Абай көшесінде болған. Қала орталығынан келе жатқан «Мазда» автокөлігі 2007 жылы туған екі қызды қағып кеткен. Қыздардың біреуі аурухананың жарақаттану бөліміне жеткізілді.
Ведомстводан мәлім етілгендей, қазіргі уақытта тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.