Қостанайда ер адам шақыртуға келген дәрігерлердің көлігін мініп кеткен

АСТАНА. KAZINFORM - 19 қыркүйекке қараған түні Қостанай полициясы науқастың шақыртуына келген жеке клиника дәрігерлерінің көлігі ұрланғаны туралы хабар алды. Тәртіп сақшылары бірден "Ұстау" жоспарын енгізді.

жедел жәрдем көлігін мініп кеткен
Фото: Полиция.кз

Күдіктіні қолға түсіру барысында 39 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрды. Алайда ол медициналық тексеруден бас тартты.

Полицейлердің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады және сегіз жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Көлікті заңсыз айдап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, енді қостанайлық азамат екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар