Қостанайда эвакуация кезінде жоғалып кеткен Аманқарағай тұрғыны табылмай жатыр

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Барыс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағай ауылындағы орман өрті салдарынан халықты эвакуация кезінде ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда эвакуация кезінде жоғалып кеткен Аманқарағай тұрғыны табылмай жатыр

Іздестіріліп жатқан Валерий Головач 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылында эвакуация кезінде жоғалып кетті.

«Соңғы рет кешкі жетілерде байланысқа шыққан, оның одан әрі қайда екені белгісіз. Белгілері: маңдайында тыртық бар, қасқа бас. Үстінде көк футболка мен сұр шалбары болған», - делінген хабарламада.

Бұған дейін орман өрттерінен көп зардап шеккен Аманқарағай ауылының тұрғындары екені хабарланған болатын. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, кентте 85 үй толығымен жанып кеткен.


Фото: instagram.com/dpso_bars