Қостанайда «GАР» қаржы пирамидасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанайда «GАР» өндірістік кооперативі ретінде жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Кооператив жеке тұлғалардың 30 мыңнан 480 мың теңгеге дейінгі суммадаға ақшаларын тарта отырып, табыс табу қызметін ұйымдастырған.

Активтерді қайта бөлу жолымен қатысушылардың бірі екіншілердің салымы есебінен байып отырған.

Ұйымның кеңсесінде кооперативтің қызметі туралы жарнамалық парақшалар, салымшылардың тізімі, кооператив пен салымшылар арасында жасалған шарттардың электронды форматтағы нұсқалары табылды», - деді агенттіктен.

Тергеу жалғасуда, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбады.


Соңғы жаңалықтар