Қостанайда гаражда тұрған автокөлік жанып кетті

  ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында Toyota Surf маркалы автокөлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда гаражда тұрған автокөлік жанып кетті

Ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Меруерт Балғынова растады.

«Бүгін қаладағы Интернационалист-Жауынгерлер көшесіндегі гараждардың бірінде Toyota Surf автокөлігі өртеніп кетті. Оқиға орнына ТЖД өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, көліктің қозғалтқыш бөлігі тұтанған. Сәлден соң жалын алдыңғы оң жақ дөңгелегіне тиген», - деді Балғынова агенттік тілшісіне. 

Белгілі болғандай, көліктің аккумуляторы қуаттағышқа қосылып тұрған. Оқыс оқиғаның нақты себептері анықталуда. Өрт сағат 09:00 шамасында сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.