Қостанайда газ баллоны жарылып, көлік өртенді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Затобол кентіндегі үй аулаларының бірінде тұрған көлік жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көлік Олимпийская көшесіндегі аулалардың бірінде өртенген.  Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметі мамандары қызыл жалынды сағат 16:34-те ауыздықтады. 

 «Өрттің нақты себебі әлі белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, көлік қозғалтқыштағы электр өткізгіштің қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған. Содан соң ішіндегі газ баллоны жарылуы мүмкін», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрайды. Еске салсақ, 30 қыркүйек күні «ВАЗ 21099» автокөлігінің өртенгені туралы тұрғындар әлеуметтік желілерде таратты.

Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар