Қостанайда халық тығыз орналасқан аудан жылусыз қалды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда қалалық аурухананы қосқанда, тұрғын үй аудандары, әлеуметтік мекемелер жылудан, ыстық судан ажыратылды. Облыс орталығының әкімдігі хабарлағандай, жылу жолының ақауын жою жұмыстары күні бойы жүргізіледі.
«2016 жылғы 25 қарашада ТМ-312 ақауын жоюға байланысты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Таран - Победа көшелері - Урицкий - Дзержинский көшелері шекарасында жылу мен су беру тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ баспасөз қызметі 10 желтоқсанға дейін Қостанайдың шағын аудандарының бірі күн сайын трансформаторлық қосалқы стансада жөндеу жұмыстары барысында «жалаң сымды ауыстыруға» байланысты электр беруді тоқтатады.