Қостанайда ірі көлемді героин тәркіленді

Қостанайда ірі көлемді героин тәркіленді

Полиция департаментінің ҰҚКБ бастығы Қайрат Тащановтың айтуынша, бұл салмақ аса ірі өлшемге жатады.

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс орталығында, Рудный қаласы және Федоров ауданында героин сатқан алты адамнан тұратын топ анықталды. Күдіктілер алты ай бойы облыс аумағында заңсыз есірткі айналымымен шұғылданған. Осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталғандар да бар. Тінту барысында есірткіні өлшейтін, орайтын құралдар, 3 млн теңге ақшалай қаражат табылды», - дейді Қайрат Тащанов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін айыпталуда.