Қостанайда із-түзсіз жоғалған қыз қыдырып жүрген

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары 17 қазан күні Қостанай облысында жоғалып кеткен қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда із-түзсіз жоғалған қыз қыдырып жүрген

Еске салсақ , Миличенко Олеся 17 қазанда «Крымское - Лисаков» бағытындағы автобусқа отырып, кетіп қалған. Содан бастап ешқандай хабар болмаған. 

Жедел іздеу шаралары барысында Лисаков қаласы полицейлері  Олеся Миличенконың орналасқан жерін анықтады. Ол осы уақытқа дейін Лисаковтағы туыстарында қыдырып жүрген. Сондай-ақ, 12 қазан күні Қарасу ауданы, Жалғысхан ауылындағы үйінен шығып кеткен Артем Исупов әлі іздестірілуде . Туған-туыстары оның қайда бағыт алғанын білмейді.